Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза (A5 және A6 санаттары) алуға өтінішхаттар береді.

Өтінішхат беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1265 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы» қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) реттеледі.

Өтінішхат – Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза беру туралы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі органдарына жолданатын жазбаша өтініші.

- A5 санатындағы инвесторлық виза Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшысының, басшысы орынбасарының немесе оның құрылымдық бөлімше басшысының лауазымында жұмыс атқаратын шетелдікке беріледі.

- A6 санатындағы инвесторлық виза Қазақстан Республикасының экономикасына кемінде 300 000 АҚШ долларына баламалы сома көлемінде инвестиция салған жеке тұлғаға арналған.

Инвесторлық виза алу үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтінім беріп, Қағидаларға сәйкес қажетті құжаттарды қоса ұсынуы қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.

Өтінімді қарау қорытындысы бойынша өтінішхат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

 

Анықтама үшін:

2024 жылы барлығы 158 өтінім келіп түсті, оның ішінде 63 өтініш берушіге өтінішхат берілді, 95 өтініш берушіге заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылды.

2025 жылы барлығы 177 өтінім келіп түсті, оның ішінде 72 өтініш берушіге өтінішхат берілді, 105 өтініш берушіге заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылды.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметін және инвестициялық іс-шаралардың өтуін қамтамасыз ету бойынша басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы