Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 1948 жылы құрылды. Штаб-пәтері Парижде (Франция) орналасқан.

Бас хатшысы – Матиас Корманн.

ЭЫДҰ мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған келісілген саясат.

2017 жылғы маусымда Қазақстан ресми түрде ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің «ассоциацияланған мүшесі» болды.

Сондай-ақ, Қазақстан ЭЫДҰ-ның халықаралық инвестициялар және трансұлттық кәсіпорындар туралы декларациясына қосылған 48-ші ел болды.

Қазақстанның ЭЫДҰ Инвестициялық комитетіне кіруі және Декларацияға қосылуы Қазақстанның халықаралық инвестициялар үшін әділ және траспарентті орта ұсынуға деген ұмтылысын айғақтайды.

Декларация бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде 65 ұсыным көзделген, олардың ішінде 2026 жылдың I жартыжылдығының қорытындысы бойынша 53-і іске асырылды, бұл жалпы санының 80 пайызын құрайды.

Сонымен қатар, ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің құрылымдарына қатысу шеңберінде 2025 жыл және 2026 жылдың I жартыжылдығы аралығында оның келесі іс-шараларына қатысу қамтамасыз етілді:

2025 жылғы 14 ақпанда ЭЫДҰ-ның инвестициялық шарттардың болашағы жөніндегі жұмыс бағдарламасының екінші бағыты (Track 2) шеңберінде он бірінші кеңеске онлайн қатыстық.

2025 жылғы 31 наурыз – 2 сәуір аралығында ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің Париждегі (Франция Республикасы)келесі сессияларына бетпе-бет қатыстық:

1) Инвестициялық шарттар бойынша ЭЫДҰ, ЮНКТАД және ЮНСИТРАЛ бірлескен конференциясы;

2) «Инвестициялық шарттардың болашағы» - екінші бағыт бойынша отырыс
(Track 2 - екіжақты инвестициялық келісімдердің реформалары);

3) «Инвестициялық шарттардың болашағы» - бірінші бағыт бойынша отырыс
(Track 1- екіжақты инвестициялық келісімдерді Париж келісіміне сәйкес келтіру);

4) Инвестициялық салықтық жеңілдіктер бойынша бірлескен бейресми отырыс: инвестициялық салықтық ынталандыру саясатын әзірлеу бойынша ЭЫДҰ-ның алдағы басшылығын талқылау;

5) Инвестициялар комитеттің кеңейтілген отырысы.

2025 жылғы 17 маусымда «Инвестициялық шарттардың болашағы» екінші бағыты (Track 2) шеңберінде ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің кеңесіне онлайн қатыстық.

2025 жылғы 21 Маусымда ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің «Өзбекстанның инвестициялық саясатын шолуға» арналған сессиясына онлайн қатыстық.

2025 жылғы 23 маусымда «Инвестициялық шарттар және климаттың өзгеруі» бірінші бағыты (Track 1) шеңберінде ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің кеңесіне онлайн қатыстық.

2025 жылғы 16 қыркүйекте ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің «ТШИ сапа көрсеткіштері: цифрлық трансформация үшін инвестициялық саясаттың негізі» сессиясына онлайн қатыстық.

2025 жылғы 20 қазанда ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің «Инвестициялық шарттардың болашағы» екінші бағыты (Track 2) шеңберінде ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің сессиясына онлайн қатыстық.

2025 жылғы 4-7 қарашада Парижде (Франция Республикасы) ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің шараларда қатыстық:

1) Инвестицияларды ілгерілету агенттігінің жыл сайынғы кездесуі;

2) «Инвестициялық шарттардың болашағы» - бірінші және екінші бағыттар бойынша отырыстар (Track 1 - екіжақты инвестициялық келісімдерді Париж келісіміне сәйкестендіру; Track 2 - екіжақты инвестициялық келісімдердің реформалары);

3) Инвестициялар және тұрақты даму жөніндегі дөңгелек үстел;

4) Инвестициялар комитеті мен ШОБ және кәсіпкерлік комитетінің арнайы бірлескен сессиясы;

5) Инвестициялар комитеттің кеңейтілген отырысы.

2026 жылғы 30 наурыз – 1 сәуір аралығында Париж қаласындағы ЭЫДҰ штаб-пәтерінде Инвестиция комитетінің кезекті көктемгі отырысы және оған ілеспе іс-шаралар өтті.

Үш күндік бағдарлама аясында келесі іс-шаралар өткізілді: 

30 наурыз – Инвестициялық келісімдер жөніндегі 11-ші жыл сайынғы конференция; 

31 наурыз – Халықаралық инвестициялық басқару (International Investment Governance, IIG) бойынша дөңгелек үстел; инвестициялық келісімдерді жаңғыртуға арналған сессия (бұрынғы «Трек 2» кездесуі); LAC инвестициялық бастамасы аясындағы параллель іс-шара: Латын Америкасы мен Кариб өңіріндегі инвестициялық саясатты дамыту; 

1 сәуір – ЭЫДҰ Инвестициялар комитетінің кеңейтілген отырысы. 

Осыған байланысты Министрлік аталған іс-шараларға «инвестициялық келісімдерді жаңғырту» («Трек 2») бағыты бойынша онлайн режимде қатысты.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының «қауымдастырылған мүше» мәртебесінде ЭЫДҰ Инвестициялар комитеті мен жұмыс топтарының отырыстарына, сондай-ақ тиісті ұсынымдарды іске асыру бөлігінде белсенді қатысуын атап өтуге болады.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы