Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Зебешев Ардақ Темірханұлы
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің Төрағасы
Общая информация, образование

1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша King’s College London университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген, ал 2019 жылы Warwick Business School (Ұлыбритания) оқу орнында MBA дәрежесін алған.

Карьера

2003–2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде қызмет атқарған.

2016–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ құрылымдарында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі болған.

2019–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінде қызмет атқарып, басқарма басшысынан комитет төрағасына дейінгі еңбек жолынан өткен.

2024 жылғы ақпанда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, 2026 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін осы қызметті атқарды.

«Құрмет» орденімен наградталған.

Ағылшын тілін меңгерген.

Социальные медиа

Инстаграм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы