Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 12тамыз – ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тіл мәртебесін күшейту» тақырыбына семинар-дәрісөтті. Бұл іс-шара «AMANAT» партиясы «MIRAS» қоғамдық кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Гибридтық форматта өткен іс-шараға белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы, Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен шетелдегі қазақстандық дипломаттар қатысты.
Семинар барысында О. Асанғазы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оның маңызы мен мәні жайында дәріс оқып, іс-шараға қатысушылармен өз тәжірибесімен бөлісті.