
Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 27 желтоқсан - Сыртқы істер министрлігіне ерекше делегация келді. Нұр-Сұлтан қаласындағы орта білім беру мектептерінің бірі «Алпамыс» оқушылары отандық сыртқы істер министрлігіне қонаққа келді.
Бастауыш сынып оқушылары Сыртқы істер министрлігінің мұражайын аралап, тарихи жәдігерлер мен дипломатиялық қызметтің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қосқан үлесіне арналған фотокөрмені тамашалап, негізгі мәліметтермен, хаттамалық қызметпен танысып, еліміздің жаңа тарихының басты кезеңдеріне арналған деректі фильмдерді көрді.
Дипломаттар оқушылардың жағрафиядан, жаңа тарихтан танымдары жақсы екенін атап өтіп, ұстаздардың тек жеке пән ғана, жалпы жасқспірімдердің көкжиегін арттыру бағытындағы күнделікті тынымсыз еңбегіне алғыс білдірді.
Өз кезегінде, мектеп ұстазы Гүлнәр Мұхаметова мұндай экскурсиялардың балалардың қызығушылығы мен танымын айтарлықтай арттыратынын және министрліктің осындай мүмкіндік беріп, жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.