
1983 жылы 1 ақпанда Жетісу облысының Сарыөзек кентінде дүниеге келді.
2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген. Мамандығы - халықаралық құжаттанушы (консулдық қызмет).
2016 жылы «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық Зерттеу университетін (Мәскеу қ.) бітірді. Саясаттану магистрі.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы ретінде бастаған
2007 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің атташесі.
2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы.
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы.
2013 - 2017 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің екінші хатшысы – вице-консулы.
2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуразиялық интеграция департаментінің бірінші хатшысы.
2019-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің сарапшысы, консультанты.
2021-2024 жж. – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.
2024-2025 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары
2025 жылғы шілдеден бастап Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
Ағылшын тілін меңгерген.
I сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие.
Марапаттары: «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (ЕАЭО мемлекет басшыларының 29.05.2019 ж.
№3 шешімі); ҚР Президентінің Алғысы (2025 ж.); «ҚР Конституциясына 25 жыл» медалі (ҚР Президентінің 20.08.2020 ж. Жарлығы); «ҚР дипломатиялық қызметіне 25 жыл» медалі; «ҚР дипломатиялық қызметіне 30 жыл» медалі.