GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Бөлім туралы
Все материалы
13 апреля 2026
Құрметті Балқаш қаласының тұрғындары!

Құрметті Балқаш қаласының тұрғындары!

 2026 жылғы 13 сәуір мен 13 шілде аралығында Балқаш қаласының әкімдігі «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Үздік аула» және «Үздік үй» конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсаты — азаматтық жауапкершілікті арттыру, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру және тұрғындарды қаланың қоғамдық өміріне тарту.

Конкурс қаланы абаттандыру, көгалдандыру және қала аумағын тиісті жағдайда ұстау бойынша бастамаларды қолдауға бағытталған.

Конкурсқа Балқаш қаласының тұрғындары, сондай-ақ қызмет көрсетуші ұйымдардың басшылары мен МИБ төрағалары қатыса алады.

Жеңімпаздар арнайы сертификаттармен марапатталады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 6 шілдеге дейін «Балқаш қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады.

Конкурс өткізу ережелерімен Балқаш қаласы әкімдігінің ресми сайтында танысуға болады.

 

 

19 сентября 2025
Балқаш қаласының әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады

Балқаш қаласының әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, түсініктемелер берілді және жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді.

Мұндай кездесулердің басты мақсаты — халықпен ашық диалог орнатып, өзекті мәселелерді жедел шешу.

18 сентября 2025
"БЖЗҚ" АҚ-да (БЖЗҚ) "Ашық есік күні": ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер туралы айтамыз, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстырамыз

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2025 жылғы 24 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ – салымшыларға ыңғайлы болу үшін" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.  

2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексіне қол қойды. Онда БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, тұрғын үйге/емделуге біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) түріндегі кірістерді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыс салығынан (ЖТС) босату көзделген. Алайда, бұл өзгерістің Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерге еш қатысы жоқ. Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз пайдасына аударылған ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлем көзінен салық салынуға жататын табыстан Салық кодексінде белгіленген шектерде қолданылатын салықтық шегерімдер де жойылады. Бұл ретте жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшының пайдасына аударған ерікті зейнетақы жарналары жеке тұлғаның табысы болып саналмайды (тиісінше, жеке табыс салығы салынбайды), ал жұмыс беруші үшін бұл шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерімге жатқызылады. Яғни бұл жағдайда салықтық жеңілдікті жұмысшы да, жұмыс беруші де пайдалана алады.

Ашық есік күнін өткізу кезінде БЖЗҚ салымшыларына 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енетін ҚР жаңа Салық кодексінің зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі ережелері туралы толығырақ ақпарат алуға, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсетілетін қызметтерімен танысуға мүмкіндік беріледі. 

Бұған қоса, қатысушылар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық мәселелер бойынша білікті кеңес ала алады. 

 Кездесу онлайн-форматта өтетін болғандықтан, оған барлық ниет білдірушілердің қатысуына мүмкіндік беріледі. Іс-шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты материалдар жариялауға тартылған журналистерге де пайдалы болады деп үміттенеміз.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. 

Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mafed15f5a855e2dcfb81f8424fd00cc1

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2512 397 1737

Еvent-мәжіліс паролі: 123456

17 сентября 2025
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында жас отандастарымыз 19,04 млн АҚШ долларын пайдаланды

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап (2025 жылғы 1 қыркүйектегі деректер бойынша) 19,04 млн АҚШ долларына 139 774 өтініш орындалды (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 12,25 млн АҚШ долларына 87 841 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін 6,79 млн АҚШ долларына 51 933 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (11,98 млн АҚШ долларына 85 735 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 92,13 мың АҚШ долларына 700 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 62,27 мың АҚШ долларына 514 өтініш. 

Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (6,08 млн АҚШ долларына 45 901 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (499,07 мың АҚШ долларына 4 309 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (174,03 мың АҚШ долларына 1 411 өтініш орындалды).

 Нысаналы жинақтар төлемін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балалар арасында бөлінеді. 2023 жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары, 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелгенін хабарлаймыз. 2006 жылы туған азаматтарды қоспағанда, 2023 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың нысаналы жинағы 100,52 АҚШ долларына тең болса, 2007 жылы туған баланың НЖШ-да 232,94  АҚШ доллары жинақталды.

 Кәмелетке толған азаматтар өздерінің НЖ туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстарындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс, содан кейін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу үшін НЖ төлеміне онлайн-өтініш беру үшін жүгіне алады.

kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM  сілтемесі бойынша көруге болады.

12 сентября 2025
Мемлекеттік қызмет сапасын бақылаудың жаңа кезеңі

Қазақстанда мемлекеттік қызметтер саласында айтарлықтай өзгерістер орын алуда. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға енгізілген түзетулер мемлекеттік қызметтер саласында рәсімдер мен стандарттарды бекітумен қатар, олардың сапасын да мемлекеттік бақылауда ұстауға жағдай жасады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – әрбір азаматтың күнделікті өмірімен байланысты. Құжат алу, әлеуметтік төлемдерге жүгіну, мүлікті тіркеу немесе лицензия рәсімдеу – осының бәрі халықтың мемлекетке деген сенімін қалыптастырады. Қызмет сапасына байланысты мәселелер де жиі көтерілген болатын – кезектің ұзақтығы, рәсімдердің күрделілігі, қызметкерлердің жауапкершілігі.

Жаңа түзетулер осы мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған.

Заңға енгізілген толықтырулар мемлекеттік қызметтердің сапасына жүйелі мемлекеттік бақылауды енгізді. Енді уәкілетті орган мен оның өңірлік бөлімшелері мемлекеттік органдарды да, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын да бақылау құзырына ие болды.

Бақылау тексеру арқылы (жоспарлы және жоспардан тыс), ақпараттық жүйелер мен есептілікті пайдалану негізінде жүргізлуі мүмкін.

Бұл тәсілдер қызмет көрсету процесін барынша ашық, әрі әділ етуге мүмкіндік береді.

Заңнамада жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің нақты негіздері белгіленді. Жоспарлы тексерулер жарты жылдық кесте бойынша жүргізіледі және белгілі бір көлемде қызмет көрсеткен ұйымдарды қамтиды. Ал жоспардан тыс тексерулер азаматтардың шағымдары, БАҚ-тағы материалдар немесе мониторинг нәтижелері негізінде тағайындалады.

Маңызды ерекшелік – анонимді шағым тексеру жүргізуге себеп бола алмайды. Бұл заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ететін маңызды қағида.

Жаңа нормалар тексерілетін органдардың құқықтарын да қорғап отыр. Олар тексеру рәсімі бұзылған жағдайда тексерушілерді кіргізбеуге, процеске бейнежазба жүргізуге және қорытындыларға шағым жасауға құқылы. Сонымен қатар құжаттарды уақтылы беру, тексерушілерге кедергі келтірмеу секілді міндеттер де жүктелген.

Бұл тепе-теңдік бақылауды әділетті әрі ашық жүргізуге мүмкіндік береді.

Өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жаңа деңгейге шығарды. Енді азаматтардың шағымдары ескерусіз қалмайды, ал қызмет көрсетушілер сапаны қатаң сақтауға міндетті.

Бұл қадам мемлекеттің басты мақсатына – халыққа сапалы, ашық әрі тиімді қызмет көрсетуге жақындататыны сөзсіз.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының

орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес

хатшылығының меңгерушісі Б. Макеев

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы