
Мәдіғалиев Оңалбек Ерімбетұлы 1992 жылғы 14 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тасбөгет ауылында дүниеге келген.
Білімі:
2010–2013 жж. — «Болашақ» жекеменшік университеті (Қарағанды қ.), мамандығы — Құқықтану.
2014–2016 жж. — Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандығы — Экономика және бизнес.
31.12.2013 – 23.04.2014 — Балқаш қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бас маманының міндетін атқарушы.
23.04.2014 – 21.01.2015 — "Балқаш қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ бас маманы.
01.04.2015 – 01.06.2015 — "Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету секторының бас маманы-заңгерінің міндетін атқарушы.
01.06.2015 – 16.02.2016 — "Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету секторының бас маманы-заңгері.
18.02.2016 – 18.05.2016 — «Қарағанды Консалтинг Сервис» ЖШС-нің заңгері.
20.05.2016 – 12.12.2016 — «ИВК Бизнестрой» ЖШС-нің заңгері.
15.12.2016 – 22.08.2017 — "Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ кадр және ұйымдастыру жұмысы секторының меңгерушісінің міндетін атқарушы.
23.08.2017 – 12.09.2023 — "Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ кадр және ұйымдастыру жұмысы секторының меңгерушісі.
13.09.2023 – 25.09.2023 — "Балқаш қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы.
25.09.2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін — "Балқаш қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ басшысы.