1985 жылы 22 наурызда Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. 2013 жылы "Фемида" заң академиясын "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Қарағанды облысының ІІД-де бастаған. 2010-2013 жылдары ауыл шаруашылығы және кадр жұмысы саласында заңгер және маман болып жұмыс істеді. 2013-2016 жылдары Юбилейное ауылының әкімі қызметін атқарды.
2016-2022 жылдары Жұмыспен қамту, коммуналдық шаруашылық саласында және Абай қаласы әкімінің аппаратында, оның ішінде Абай қаласы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2022-2023 жылдары Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болды.
2023 жылғы 15 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін — "Абай ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ басшысы.