Меню

Страницы

Статья

". KZ" домендік кеңістігін реттеу

ISO-3166 стандартына сәйкес Қазақстанға ".KZ" жоғары деңгейлі екі әріптік домендік атау бекітілген. 2023 жылдың бірінші тоқсанының соңындағы жағдайы бойынша ".KZ" және ".ҚАЗ" аймағында 177 667 домендік атау тіркелген, оның 126 442 белсенді және пайдаланушылар үшін қолжетімді болып тұр. Бұл мемлекеттік және жеке, ақпараттық, ойын-сауық, корпоративтік, медиа ресурстар, сондай-ақ түрлі бағыттағы сайттар.

KZ және .ҚАЗ домендік атауларды ұлғаю динамикасы

Бүгінде Қазақстанда домендік атауларды тіркеумен айналысатын 12 компания тіркелген. .KZ жоғары деңгейлі домендік атауын қолдау жөніндегі менеджер болып "Қазақ желілік ақпарат орталығы" анықталды. Интернеттің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін дамытумен Қазнет кеңістігіндегі домендік атаулардың әкімшісі болып табылатын "Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы" ЗТБ айналысады. Ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті орган өз кезегінде Қазнетте "ойын ережесін" орнатумен, мемлекеттік саясатты қалыптастырумен, сондай-ақ Интернет желісінің қазақстандық сегментінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етумен айналысады.

Интернет желісінің қазақстандық сегментінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуді тарататын, фишингтік және интернетті қауіпсіз пайдалануға қауіп төндіретін басқа да интернет-ресурстарды анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Осы жұмыстың арқасында үнемі алаяқтық әрекеттерді жүзеге асыратын интернет-ресурлар анықталады.

Жыл басынан бері осындай жүздеген ресурстар анықталды. Одан кейін қазақстандық интернет сегментінің кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану және тарату ережелеріне сәйкес зиянды домендердің жұмысы тоқтатылды.

Бұзушылық анықталғаннан кейін (фишинг немесе зиянды БҚ тарату фактілері бар), КИБ Қазақ желілік ақпарат орталығына (Қазник) хат жазады, олар Интернет-ресурсты тоқтата тұру бойынша тікелей жұмыс жүргізеді. Егер интернет-ресурстың иесі 10 жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жоймаса, онда домендік атауды пайдалану тоқтатылады. Егер жойса, интернет-ресурс одан әрі жұмыс істейді.

Тіркеу ұйымы

Қазақ желілік ақпарат орталығы", www.nic.kz

Әкімші

Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығы", www.itk.kz

Тіркеушілер

"Регтайм" ЖШҚ, "Компания Hoster.KZ" ЖШС, "Зебра Телеком" ЖШС, "IT Group Operating" ЖШС," Интернет компания PS " ЖШС, "HOST.KZ" ЖШС, "GFX" ЖШС, "Регистратор Р01" ЖШС, "Мегахост Казахстан" ЖШС, "CyberAge" ЖШС, "Қазақтелеком" АҚ филиалы-Ақпараттық жүйелер дирекциясы, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ

Дата публикации
27 ноября 2019
Дата обновления
27 ноября 2019
Тип

Сейчас читают

Ережелер мен рәсімдер
13 марта 2026
Рекомендации по вопросам обеспечения кибербезопасности
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ережелер мен рәсімдер
10 января 2024
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері. Ұсынымдар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы