Меню

Страницы

Статья

Анықтама

«Қазақстан киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ақпараттық қауіпсіздіктің қатерлері туралы хабардар болуды арттыру және адами капиталды дамыту бойынша мемлекет қабылдайтын шаралардың тиімділігін бағалау үшін жыл сайын әлеуметтік зерттеу жүргізіледі.

2020 жылғы қыркүйекте жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтардың ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) қатерлері туралы хабардар болуы 78% - ды құрады.

2018 және 2019 жылдары хабардарлық көрсеткіші тиісінше 62,9% және 73,5% құрады. Бұл 2020 жылы халықтың хабардарлығы 2018 жылмен салыстырғанда 15% - ға артқанын көрсетеді.

Зерттеу нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды, сондай-ақ жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына және жоғары оқу орындарына жіберілді.

Атап айтқанда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында адами капиталды дамыту мақсатында мынадай шаралар қабылдануда:

  • ақпараттық қауіпсіздік саласында қабылданатын нормативтік-техникалық талаптар туралы ақпараттандыру (2020 жылы 12 нормативтік-құқықтық акт әзірленді);
  • кәсіби стандарттарды әзірлеу (2019 жылы ақпараттық қауіпсіздік саласында 9 жаңа кәсіби стандарттар әзірленді);
  • ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандықтарды танымал ету (2017 жылы «ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша оқуға гранттар саны 60-тан 160-қа дейін ұлғайтылды, ал 2018 жылы 500 грантқа ұлғайтылды, 2019 жылы 1311 орын бөлінді, 2020 жылы 1497 грант бөлінді);
  • орта білім беру бағдарламасын жаңартуға қатысу, жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламаларына киберқауіпсіздік мәселелерін енгізу («информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұнына 5-9 сыныптарда «Денсаулық және қауіпсіздік» бөліміне мынадай кіші бөлімдер енгізілді: ақпараттық және онлайн қауіпсіздік, 10-11 сыныптарда «Компьютерлік жүйелер» бөліміне мынадай кіші бөлімдер енгізілді: ақпараттық қауіпсіздік, ақпаратты қорғау және зияткерлік меншік)
  • «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында тағылымдамадан өтуге арналған мамандықтар тізіміне «кибер» қауіпсіздік ақпараттық бағыты енгізілді
  • ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу (ЖОО-лар бекіткен кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірледі);
  • вирустық шабуылдарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізуге қатысу;
  • ақпараттық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша конференциялар ұйымдастыру;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарды үйлестіру және әзірлеу.
  • ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және деректерді қорғау бойынша қабылданатын шаралар қажеттілігіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде (ОКҚ-да сөз сөйлеу, баспасөз хабарламалары, мақалалар, ұсынымдар, сұхбаттар, сюжеттер және т.б.).
Дата публикации
27 ноября 2020
Дата обновления
27 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ережелер мен рәсімдер
13 марта 2026
Рекомендации по вопросам обеспечения кибербезопасности
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ережелер мен рәсімдер
10 января 2024
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері. Ұсынымдар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы