Меню

Страницы

Статья

Дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау кезінде олардың құқықтары бұзылған жағдайдағы іс-әрекеттер бойынша пресс релизі

Елімізде дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау тәртібі мәселелерін дербес деректердің меншік иелері мен операторлары (интернет-ресурстардың иелері, интернет-дүкендер, қаржы ұйымдары және т.б.) қараған болатын.

Осы саланы реттеу және азаматтардың дербес деректерін жинау және өңдеу кезінде олардың құқықтарын қорғау мақсатында 2020 жылғы 25 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен (бұдан әрі - заң) дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі енгізілді.

Уәкілетті органның негізгі міндеттері: дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау, дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын бақылау, осындай бұзушылықтар анықталған кезде жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдау болып белгіленген.

Бұдан басқа, уәкілетті орган әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК) 79 - бабында және 641-бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді-ҚР Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының бұзылуын, дербес деректерді қорғау жөніндегі шаралардың жүзеге асырылмауын немесе тиісінше жүзеге асырылмауын қарайды.

Осыған байланысты дербес деректерді заңсыз жинау немесе жария ету фактілері анықталған кезде азаматтар дербес деректерді қорғау жөніндегі уәкілетті органға өтінішті тіркеуге мүмкіндік беретін кез келген ыңғайлы және қолжетімді тәсілмен (электрондық түрде, қағаз жеткізгіште, пошта немесе «Электрондық үкімет» порталы арқылы, бірінші басшының блогына өтініш, ведомстволық электрондық поштаға электрондық хат және т.б. жіберу арқылы) жүгіне алады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша құқық бұзушылық фактісін анықтау және жауаптылыққа тарту мақсатында уәкілетті орган құқық бұзушыға қатысты тексеру ашады.

Тексеру рәсімі ҚР Кәсіпкерлік кодексімен және ҚР ӘҚБтК регламенттелген, бұл ретте кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған.

Осылайша, заңнамаға сәйкес уәкілетті орган барлық тексерулерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде тіркеуге міндетті, ол үшін тексеруге бастама жасауға негіз болған материалдар қоса беріледі.

Сондықтан өтініште әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер - бұзушылық фактісін растайтын материалдар, құқық бұзушылыққа жол берген субъект және оны жасау мерзімдері қамтылуға тиіс.

Анонимдік өтініштер және мәселенің (бұзушылықтың) мәнін көрсетпейтін өтініштер заңнамаға сәйкес қарауға жатпайды.

Тексеру нәтижелері бойынша құқық бұзушылық расталған жағдайда уәкілетті орган әкімшілік іс қозғайды және құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 79 және 641-баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізуге 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін мораторий енгізілгенін атап өткен жөн (ҚР Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығы).

Алайда, шағын бизнес субъектілеріне қатысты уәкілетті орган құқық бұзушылық фактісін растайтын барлық қажетті материалдар ұсынылған Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде тексеру жүргізбестен әкімшілік іс қозғауға құқылы.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жаза қолдану немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім шығарады және өтініш берушіні қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.

Дата публикации
27 ноября 2020
Дата обновления
27 ноября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ережелер мен рәсімдер
13 марта 2026
Рекомендации по вопросам обеспечения кибербезопасности
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ережелер мен рәсімдер
10 января 2024
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері. Ұсынымдар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы