Меню

Страницы

Статья

Дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі

Дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі (бұдан әрі – ДҚБ сервисі) – азаматтың дербес деректеріне қол жеткізуге келісімін алуға немесе келісімді кері қайтарып алуға арналған сервис. ДҚБ сервисі дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізуден немесе таратудан қорғайды.

Келісім екі жолмен беріледі:

  • азаматқа 1414-тен SMS-хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте SMS-хабарламаға жауап «511» – «ИӘ», 512 – «жоқ» дегенді білдіреді;
  • ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес аттестатталған (ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар нәтижелері бойынша акт) жүйелер үшін биометрия, бейне сәйкестендіру, ЭЦҚ, бір реттік парольдер (OTP) арқылы.

ДҚБ сервисімен интеграциялау үшін «Smartbridge» платформасы арқылы өтінім беру қажет.

Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 1-тармағына сәйкес меншік иелері және (немесе) операторлар, үшінші тұлғалар мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың дербес деректер бар ақпараттандыру объектілерімен өзара іс-қимыл жасаған жағдайда, Заңның 9-бабының 1), 2), 9) және 9-2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинау және өңдеу процестеріне тартылған өздерінің ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік сервиспен интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Қазіргі күні ДҚБ сервисімен 85 ақпараттық жүйе ықпалдасқан, оның ішінде: 36 АЖ – мемлекеттік, 9 АЖ – квазимемлекеттік, 40 АЖ – жеке.

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі нормативтік-құқықтық актілермен танысу қажет:

  • «Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидалары» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 144/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 мамырда № 27963 болып тіркелді).

Сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200027963

  • «Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисімен интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2022 жылғы 8 шiлдедегi № 236/НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 шiлдеде № 28786 болып тіркелді)

Сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200028786

Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабы, бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК) және дербес деректер қамтылған ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің, дербес деректер қамтылған базаның меншік иесінің және (немесе) операторының, сондай-ақ үшінші тұлғаның оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырмауы немесе тиісті түрде жүзеге асырмауы үшін (ҚР ӘҚБтК 641-бабы), сондай-ақ жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өтеміз (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 147-бабы).

Дата публикации
02 августа 2023
Дата обновления
02 августа 2023
Тип
Статистика

Сейчас читают

Ережелер мен рәсімдер
13 марта 2026
Рекомендации по вопросам обеспечения кибербезопасности
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ережелер мен рәсімдер
10 января 2024
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері. Ұсынымдар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы