2022 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Конкурс комиссиясының «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс (бұдан әрі – Комиссия) нәтижесін шығару жөнінде қорытынды отырысы өтті.
Аталған отырыста Комиссия:
- Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасы бас сарапшысы, С-4 санаты, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Усенов Асхат Миргалымович тағайындауға ұсынды.