Ақпарат «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау туралы

2022 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінде "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) қатысушылардың құжаттарын қарау және келесі кезеңге жіберу – кандидаттармен әңгімелесу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті.

Осы отырыста "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне конкурсқа 17 қатысушының құжаттары қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша конкурсқа қатысушылардың құжаттары белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келеді және конкурстың келесі кезеңі – әңгімелесуге келесі кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданды:

  1. Аманов А.
  2. Бейсембаева Д.
  3. Айкөргенқызы Гүлжазира
  4. Өмірбек А.Б.
  5. Сайділла Б.Б.
  6. Саулетова И.С.
  7. Тойбеков М.
  8. Турганбаев А.
  9. Жумағулов Р.
  10. Исламкулов Қ.

Бокетова А.Ж., Ибраев С., Исламбек О., Кадрканова Н., Советханова А.Б. Сихимбекова А.А., Ермагамбетов белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты әңгімелесуге жіберілмеді.

"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлермен әңгімелесу онлайн режимінде өтеді, сілтеме кандидаттардың ұялы нөмірлеріне бағытталған.

Ақпарат
Дата публикации
04 марта 2022