2020 жылғы 25 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 347-VI Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, ол біздің елімізде криптоиндустрияны заңнамалық реттеудің негізін қалауға мүмкіндік берді. Осылайша, цифрлық майнинг заңды кәсіпкерлік қызмет ретінде танылды, цифрлық активтер мен блокчейн ұғымдары анықталды.
Сонымен қатар, Министрлікпен «Цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 384/НҚ бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) негізінде цифрлық майнингті жүзеге асыру жөніндегі қызмет туралы хабардар ету тәртібі айқындалды.
2021 жылғы 4 қарашадағы жағдай бойынша Бұйрық шеңберінде Министрлікке цифрлық майнинг саласындағы ағымдағы қызмет туралы және цифрлық майнинг саласындағы қызметтің басталғаны туралы 27 ұйым ресми түрде хабардар етті. Оның ішінде:
Цифрлық майнинг саласындағы ағымдағы қызмет туралы 19 ұйым:
Цифрлық майнинг саласындағы қызметтің басталғаны туралы 8 ұйым: