«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсқа қатысушылардың құжаттарын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау және қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы ақпарат

2021 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Конкурс комиссиясының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) қатысушылардың құжаттарын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау және қатысушыларды әңгімелесуге жіберу жөнінде отырысы өтті.

Аталған отырыста 1 қатысушының құжаттары «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікке қаралды.

Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылардың құжаттары бекітілген біліктілік талаптарына сай келеді деп танылып, төменде аталған қатысушыны конкурстың келесі кезеңі – әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданды:

2021 жылғы 27 қыркүйек, сағат 11-00

Досымханов Азат Сакенович

Кандидаттармен әңгімелесу өткізу орны: Онлайн конференция форматында, кандидаттарға ұялы телефонға сілтеме жолданды.

Ақпарат
Дата публикации
23 сентября 2021