2020 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Конкурс комиссиясының «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) қатысушылардың құжаттарын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау және қатысушыларды әңгімелесуге жіберу жөнінде отырысы өтті.
Аталған отырыста бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсқа 1 қатысушының «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікке құжаттары қаралды.
Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушының құжаттары бекітілген біліктілік талаптарына сай келеді деп танылып, төменде аталған қатысушыны конкурстың келесі кезеңі – әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылданды:
2020 жылғы 17 ақпан, сағат 12-00
Кандидаттармен әңгімелесу өткізу орны: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, 16В кіреберіс, 1 қабат мәжіліс залы.