Бүгінгі күні ақпараттандырудың белсенді дамуына байланысты қолданыстағы ақпаратты сақтау, беру және өңдеу жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып отыр. Сонымен қатар ақпарат объектілеріне залал келтіруге бағытталған жүйелер де дамиды. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ең алдымен тәуекелдерді болдырмауға және келтірілген залалды жоюға бағытталуы тиіс.
Ақпараттандырудың барлық объектілері құру, тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану, оны пайдалануды дамыту және тоқтату кезеңдерінен өтеді. Бұл өнеркәсіптік пайдалануға енгізер алдында міндетті түрде ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау рәсімінен өтетін ақпараттық жүйелерге де қатысты.
2023 жылы 58 ақпараттандыру объектісі сынау рәсімінен өтіп, «Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сынау нәтижелері бойынша акт беру» мемлекеттік қызметі бойынша актілер алды.
Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне міндетті сынауға жататын сынақ объектілеріне:
kib@mdai.gov.kz электрондық поштасына өтініш жазу арқылы немесе 8 (7172) 74-99-80 нөміріне қоңырау шалу арқылы Министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгіне аласыз. Сіздің жағдайыңыз зерттеліп, тиісті шаралар қолданылатын болады.
Мұндай қоңыраулар мен хабарламаларды алмау үшін ақпараттық «тазалық» ұстану қажет. Яғни, өз деректеріңізді және телефон нөмірін көрсететін, қол қоятын барлық шарттармен мұқият танысуыңыз керек.Мүмкін сіз бұрын ұйым сіздің жеке ақпаратыңыздың таралуына жауапты емес, немесе өз қалауыңыз бойынша сіздің деректеріңізді үшінші тұлғаларға бере алады деп көрсетілген құжатқа қол қойдыңыз. Сақ болыңыз!