Бүгін «Қазақ» газетінің шыққанына 110 жыл толды

Бүгін «Қазақ» газетінің шыққанына 110 жыл толды

2 ақпанда "Қазақ" газетінің алғашқы саны шықты.

Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған Алаш арыстары “Қазақтың” ұлттық басылымға айналуы үшін тер төкті.

1913-1918 жылдары “Қазақ” газетінің 266 саны ғана жарық көрді.

Газет өз заманының өзекті үнпарағына айналды. Басылымда сол күрделі кезеңнің беткеұстар тұлғалары ұлт қамы, ұлт тағдырына арналған мақалаларын жұртшылыққа жеткізді.