«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңінің жеңімпаздары жарияланды

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңінің жеңімпаздары жарияланды

Бүгін елордада "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарын Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, вице-премьер Бердібек Сапарбаев және Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев құттықтады.

Жоба алғаш рет 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске асырылды. Биыл жобаның ІІІ кезеңі өтті.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары үш кезеңдік іріктеу арқылы анықталды. Жобаға қатысу үшін барлық азаматтар өтініш бере алды. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысу үшін 1673 анкета қабылданды. Онлайн дауыс беру. Қарашаның 5 мен 25 аралығында 100janaesim.ruh.kz жобаның ресми сайтында жалпыхалықтың онлайн дауыс беру кезеңі өтті. Жалпы, барлық жоба қатысушылары үшін 700 мыңнан аса дауыс берілді.

Үшінші кезеңде әділ-қазылар алқасының отырысы болды. Қазылар алқасының құрамына әр салада белгілі бір жетістіктерге жеткен белгілі қазақстандықтар енді: ҚР халық әртісі Роза Рымбаева, «Технодом» компаниясының негізін қалаушы Эдуар Ким, «Kaspi.kz» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким, олимпиада чемпионы Александр Винокуров, олимпиада чемпионы Серік Сапиев, «BTS» білім бағытындағы компанияның жетекшісі Саясат Нұрбек, қоғам қайраткері Мұрат Абенов, «Талап» қолданбалы зерттеу орталығының» жетекшісі Рахым Ошақбаев, Қазақстанның азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметов, кәсіпкер, жазушы Қуаныш Шонбай, музыкант, Димаш Құдайбергеннің продюсері Қанат Айтбаев.

Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша осы жылдың 32 жеңімпазы анықталды. Оның ішінде 25 қатысушы онлайн дауыс беруден ең жоғары дауыс жинады және әділ-қазылар алқасымен ұсынылған 7 қатысушы жеңімпаз атанды.

Қатысушылар жетістіктеріне байланысты салалар бойынша анықталды: «қоғам» - 11, «ғылым және білім» - 4, «медицина» - 2, «бизнес» - 5, «спорт» - 5, «мәдениет» - 5.

Биылғы жобаның жеңімпаздардың тізімі:

1.     АСЕЛЬ АЯПОВА, Батыс Қазақстан облысы/Бизнес

2.     АЛИБЕК НУРБЕК, Алматы облысы/Мәдениет

3.     АСЕЛЬ БАЙМУКАНОВА, Алматы/Қоғам

4.     ДИНА БАЙТАСОВА, Нұр-Сұлтан/ Мәдениет

5.     АЙГЕРИМ БЕРЕКЕШЕВА, Алматы облысы/Бизнес

6.     ШЫНАР БОЛСАМБЕКОВА, Нұр-Сұлтан/ Қоғам

7.     РУСТЕМ ЕРГАЛИ, Қостанай облысы/Спорт

8.     РУСТЕМ ЕРМЕКБАЙ, Алматы/Бизнес

9.     НАЗГУЛЬ ЖАКЕНОВА, Ақмола облысы/Ғылым

10. АСЕЛЬ ЖАНАСОВА, Нұр-Сұлтан/ Қоғам

11. АЛДИЯР ЖУМАХАНОВ, Шымкент/ Қоғам

12. АБЫЛАЙХАН ЖУСУПОВ, Қарағанды облысы/Спорт

13. АЙЖАН ЖУЗБАЙ, Түркістан облысы/Қоғам

14. ИМАНБЕК ЗЕЙКЕНОВ, Павлодар облысы/Мәдениет

15. САУЛЕТ КАЛДАШОВ, Қызылорда облысы/Медицина

16. КУАНДЫК КАНАТОВ, Шығыс Қазақстан облысы/Қоғам

17. МАЛИКА МУКТАРОВА, Қостанай облысы/Спорт

18. КАНАТ НУРТАЗИН, Нұр-Сұлтан/ Мәдениет

19. ЕРЖАН ОМАРХАНОВ, Шығыс Қазақстан облысы/ Қоғам

20. БАУЫРЖАН РАКИШЕВ, Алматы/Медицина

21. МАКСИМ РЮМИН, Қостанай облысы/Ғылым

22. АСХАТ САДУОВ, Нұр-Сұлтан/Қоғам

23. ЕЛДАР САПАРОВ, Алматы облысы/Қоғам

24. АЗАТ СЕМБИНОВ, Алматы/Бизнес

25. ШАКАРИМ СЕЙСЕНБАЙ, Жамбыл облысы/Ғылым

26. ИВАН СНЕГУРОВ, Қарағанды облысы/Спорт

27. НУРГУЛЬ УЛЬЖЕКОВА, Нұр-Сұлтан/Қоғам

28. ДАНА ШАЯХМЕТ, Алматы/Ғылым

29. ДИНАРА ШУКИЖАНОВА, Қостанай облысы/Бизнес

30. ОЛЬГА ЧАВКИНА, Шығыс Қазақстан облысы/Мәдениет

31. ИЛЬДАР ЯГЬЯЕВ, Маңғыстау облысы/Спорт

32. ЭЛЬНАРА БАЙНАЗАРОВА, Нұр-Сұлтан/ Қоғам