Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманың қалыптастырылуы мен орналастырылуы туралы хабарлайды.

Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы орналастыруға арналған конкурстық өтінімдер қоса берілетін құжаттар тізбесімен бірге көрсетілген мекенжайға жіберіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс, ҚР АҚДМ кеңсесі 2022 жылғы 27 сәуір сағат 17:00-ге дейін.

Комиссия өтінімдерді 2022 жылғы 12 мамырда көрсетілген мекенжай бойынша қарастыратын болады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс, 739 кабинет.

Хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан соң келіп түскен өтінімдер Комиссияның келесі отырысына ауыстырылады.

Өтінім беруге қатысу үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 108 бұйрығымен бекітілген Міндетті теле-, радиоарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет.

Әлеуметтік жарнама ролигіне қойылатын техникалық параметрлер Қағидалардың  №1 қосымшаның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Осы Қағидаларда белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін өтінімдер сәйкестікке келтіріледі және Комиссияның келесі отырысында қарау үшін уәкілетті органға қайта жіберіледі.

Талаптармен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018680