Министрлік ережесіне толықтырулар енгізуді көздейтін Үкімет қаулысының жобасына қатысты

Министрлік ережесіне толықтырулар енгізуді көздейтін Үкімет қаулысының жобасына қатысты

Қазіргі уақытта жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желілерде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ережесіне толықтырулар енгізуді көздейтін Үкімет қаулысының жобасы талқылануда.
Жоба Министрліктің ережесін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.
Бірінші кезекте, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Сенатында қаралуда екенін атап өту қажет.
Осыған байланысты, «Құқықтық актілер туралы» Заңның, сондай-ақ Үкімет регламентінің талаптарын ескере отырып, қаулы жобасы қоғам тарапынан комментарийлер алу үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Кибербуллингті заңнамалық реттеу балалардың қауіпсіздігіне қатысты азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету шаралары мен тетіктерін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өткен жөн.
Заң жобасында кәмелетке толмағандарға қатысты кибербуллинг фактілері болған жағдайда, онлайн-платформалар мен жедел хабар алмасу сервистерінің атына кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзатын ақпаратты жою бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама жіберілетін болады.
Уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау мақсатында онлайн-платформалар мен жедел хабар алмасу сервистеріне, олардың меншік иелеріне заң күшіне енген күннен бастап 6 ай ішінде өз өкілдерін анықтауы қажет болады.
Бұл өкілдер кәмелетке толмағандардың кибербуллинг фактілеріне байланысты контентті жою бойынша шаралар қабылдайтын болады.
Іс жүзінде, заң жобасында көзделген түзетулер, олардың әрекеттері кибербуллинг біліктілігіне түсетін жағдайларды қоспағанда, қарапайым пайдаланушыларға теріс әсер етпейді.
Қазіргі уақытта шетелдік әлеуметтік желілер заңды өкілді анықтау және тағайындау бойынша жұмыс жүргізуде.
Бұдан басқа, заң жобасын Парламент Сенаты қарауының қорытындысы бойынша оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін екенін атап өткен жөн. Тиісінше, Үкімет қаулысының жобасына да өзгерістер енгізілетін болады, ал осы жобаның түпкілікті нұсқасы талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылатын болады.