Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Кодексінің 293-бабы 3-тармағының негізінде тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтатынын хабарлайды. Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Бұдан басқа, Салық кодексіне сәйкес осы жеңілдікті қолдану үшін тауарлармен электрондық сауданы жүргізетін кәсіпкер мынадай шарттарды сақтауы тиіс:
тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылады;
тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол ақшасыз төлеммен жүргізіледі;
тауарларды сатып алушыға (алушыға) меншікті жеткізу қызметінің болуы не жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошта қызметін жүзеге асыратын тұлғалармен шарттардың болуы;