Қазақстандағы медиаөлшеулер жүйесін дамыту туралы конференция өтеді

Қазақстандағы медиаөлшеулер жүйесін дамыту туралы конференция өтеді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылғы 4 тамызда сағат 15.00-де Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін дамыту мәселелеріне арналған онлайн конференция өткізілетіні туралы хабарлайды.

Іс-шара бағдарламасында Қазақстандағы медиа өлшеу жүйесін жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар, қазіргі уақытта медиа өлшемдерді дамыту тәсілдері, медиа өлшеу жүйесіндегі мемлекеттің рөлі мен орны, сондай-ақ бизнес мүдделерін есепке алу және индустриялық консенсусқа қол жеткізу жолдары мәселелері қамтылатын болады.

Конференцияға қатысу үшін 2020 жылғы тамызда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанынан құрылған Медиа контентті өндіру мен таратуда технологиялық саясатын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ қазақстандық телеарналардың, жарнама сатушылардың, салалық қауымдастықтардың, зерттеу компанияларының өкілдері, медиа-саланың сарапшылары шақырылады.

Конференция жұмысына қатысу мәселелері бойынша көрсетілген нөмірге: +7 702 600 4546, m.tolemis@qogam.gov.kz электрондық поштасына хабарласуға болады.