Жетекші отандық БАҚ басшыларымен сайлау заңнамасын сақтау бойынша кездесу өтті

Жетекші отандық БАҚ басшыларымен сайлау заңнамасын сақтау бойынша кездесу өтті

2020 жылғы 7 желтоқсанда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев жетекші отандық БАҚ басшыларымен онлайн-форматта кездесті.

Іс-шарада бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау заңнамасын сақтау мәселелері талқыланып, сайлау заңнамасының бұқаралық ақпарат құралдары жиі бұзатын бірқатар нормалары түсіндірілді және электоралды кезеңде оларға жүктелетін жауапкершілік жөнінде айтылды.

Сонымен қатар, БАҚ-та үгіт материалдарын төлеу шарттары туралы ақпаратты орналастыру талаптары мен мерзімдеріне қатысты сөз қозғалды.

Кездесу барысында сайлау заңнамасын бұзу статистикасы, сондай-ақ прокуратура органдарымен және басқа да құқық қорғау органдарымен қабылданған шаралар туралы аталып өтті.

Министрлік басшылығы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге және бірлескен күш-жігермен елде ашық және әділ сайлау өткізуге ықпал етуге шақырды.

Сайлау кезінде Қазақстан Республикасында
БАҚ пен журналистерге арналған жадынамаға сілтеме: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/101920?lang=kk