Меню

Страницы

Статья

Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» бұйрықтың жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.

Жоба «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы              № 190 Жарлығының 1-тармағына сәйкес орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшыларының жыл сайын екінші тоқсан ішінде өңірлермен бейнеконференцбайланысын, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық интернет-ресурста онлайн-трансляция ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізу, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, əлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары туралы хабардар ету мақсатында әзірленген.

Жоба 2020 жылғы 30 наурызда «Ашық НҚА» интернет-порталының «Мәдениет, Дін, БАҚ» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3503227 сілтемесі бойынша қолжетімді) бөлімінде орналастырылды.

Дата публикации
13 мая 2020
Дата обновления
13 мая 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
08 июля 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
28 октября 2022
Ақпарат 2022 жылғы кезеңде телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган жүргізген тексерулердің нәтижелері туралы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы