Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекеттік емес интернет-басылымдар арасында қысқа мерзімді гранттар конкурсын өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Астана қ., Мәңгілік Ел даң., 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс мекенжайы бойынша жіберіледі, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңсесі 2025 жылғы 2 қыркүйек сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Астана қ., Мәңгілік Ел даң., 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс, 587 кабинет мекенжай бойынша 2025 жылғы 3 қыркүйек сағат 11:00-де ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (конкурстың атауын көрсету) КОНКУРСҚА» және «(конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) 2025 жылғы 3 қыркүйек сағат 11:00 ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Маңызды! Тақырыптық бағыттарды таңдау кезінде нөмір және бағыттар бойынша қажетті тармақтарға жүгіну керек.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін Республикалық комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 10-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға өтінім беру қажет. Өтінімге Қағидаладың 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін гранттар конкурсына қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.