Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат Комитеті (Ақпарат Комитетінің мекенжайы Нұр-Сұлтан қ. Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс) Қазақстан Республикасының 2022 жылға заңнамалық актiлердi ресми жариялау құқығын алуға мерзімді баспа басылымдар және Конституциалық Кеңестің қорытынды шешімдерін арасында конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
Конвертке салынып, мөрмен бекітілген конкурстық құжаттаманың қабылдануы 2021 жылғы «11» қарашаның сағат 17.00 дейін Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, рұқсаттама бюросындағы «МИОР» жәшігінде қабылданады.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер 2021 жылғы 29 қараша сағат 11:00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс, 739 кабинет.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
- конкурсқа тұрақты атауы, ағымдағы нөмері бар мерзімді басылымдар (тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың қосымшалары) қатыса алады;
- мерзімді басылымның тиражы 30 000 кем емес;
- конкурстық өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген мерзімді баспасөз басылымы конкурсты ұйымдастырушыға мөр басылған конвертте баспа басылымдарының таралымы мен шығарылу кезеңділігін растайтын баспаханадан анықтама қоса берілген өтінімді ұсынады.
Хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Өтініш нысаны мен конкурс талаптары және тағы да басқа қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат Комитетінде Нұр-Сұлтан қ. Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс мекенжайы арқылы немесе +7 (7172) 74-05-35, 74-04-73 байланыс телефондары арқылы біле аласыз.