«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

А.Ұ. Маминге

 

 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба

 

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік).

  1. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
 Заң жобасы.

Заң жобасымен Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту және атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету тәртібін айқындау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің деңгейіне беру бөлігінде «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42 бабына өзгерістер енгізу көзделеді.

  1. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі

Қаулы жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдарлар

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту және атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету тәртібін айқындау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретін Министрліктің деңгейіне беру көзделуде.

  1. Жобада қаралатын мәселелер және оларды іске асыру нәтижелері бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері туралы мәліметтер

1) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
20 наурыздағы № 364 қаулысы;

3) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 28 қаңтардағы №73 қаулысы;

4) «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 шiлдедегі № 843 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 936 қаулысы;

5) «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1098 қаулысы;

6) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 387 қаулысы;

7) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 және «Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 523 қаулысы;

8) «Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттiк жалғамалармен қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2016 жылғы 8 қарашадағы № 677 қаулысы.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді.

  1. Ұсынылған халықаралық шарттың жобасын кейіннен ратификациялау қажеттігі туралы ақпарат

Халықаралық шарт болып табылмайды.

  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Рұқсат етіледі.

  1. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба 2021 жылғы ______ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.qogam.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Байт саны: _____КБ.

  1. Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаның, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылғаны туралы ақпарат

Талап етілмейді.

  1. Қаулы жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді.

  1. Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептер қорытындысы

Талап етілмейді.

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі

Жоқ.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және қоғамдық даму

               министрі                                                                  А. Балаева

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
Дата публикации
21 октября 2021