Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 93-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы, 1-1 тармағының, 11 тармақшасына, 37-бабы, 1 тармағына сәйкес және Іле аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» №57–185 шешімін жүзеге асыру мақсатында, Ақсай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
- Іле аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы «Іле ауданының Боралдай кенті және ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» №57–185 шешімі 1 қосымшаға сәйкес жүзеге асырылсын.
- Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты бюджет қаржысын мақсатты және үнемді жұмсалуын қамтамасыз етсін.
- Ауылдық округ бюджетінің салық төлемдері бойынша болжам көрсеткіштерінің толық, сапалы орындалуын және қосымша кіріс көздерін қарастыруды ауылдық округ әкім аппараты Іле ауданы бойынша аудандық салық басқармасымен бірлесе жұмыс атқарылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Округ әкімі Б.Туреев