GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Все материалы
21 октября 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына жолдау жасайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы қазан айында Қазақстан халқына кезекті Жолдау жасайтынын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы бұл туралы Астанада VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде айтты. Президенттің сөзінше, Жолдауда елдің алдағы даму бағыттары айқындалады. Әзірге Тоқаев қазан айындағы Жолдауда қандай нақты бастамалар ұсынылатынын айтқан жоқ.

Ақорда сайтындағы ресми мәліметке сәйкес, қазіргі таңда соңғы жарияланған Президент Жолдауы 2025 жылғы 8 қыркүйекте «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбында өткен.
 
 
 
Салық
Сайлау
20 октября 2026
Жадынама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндеттелген мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін



Мәслихат депутаттығына кандидаттар және олардың жұбайлары (бұдан әрі-Кандидат) тіркелгенге дейін мемлекеттік кірістер органдарына 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тұрғылықты жері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады (кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 14-нен 27 қазанға дейін).

Активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияда көрсетілген мәліметтер:

-шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес құқықтар мен (немесе) мәмілелер шетелдік мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік:

жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, «өзен-теңіз» жүзу кемелері;

көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;

шетелдік банк шоттарындағы ақшалай қаражат, жиынтық сомасы 1000 АЕК-тен салық;

- ҚР-да және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі мүлік және міндеттемелер:

тұрғын үй құрылысындағы үлес;

Қазақстаннан тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлесі;

бағалы қағаздар, ЗТҚ (зейнетақы жинақтаушы қор);

цифрлық активтер;

инвестициялық алтын;

зияткерлік меншік объектілері, авторлық құқық;

қолма-қол ақша, 10 000 АЕК-тен асатын (бағалау құны болған кезде)

расталған дебиторлық/кредиторлық берешек;

жеке тұлғалар арасындағы нотариалды куәландырылған шартпен;

жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) жеке кәсіпкер, оның ішінде резидент емес болып табылатындар арасындағы салыстырып тексеру актісімен және ШҚТ (шартты құқықтық тәртіп) шартымен;

заңды күшіне енген сот шешімімен.
Қағаз жеткізгішке кезекті тәртіппен келесі тәсілдердің бірімен:
мемлекеттік кірістер органдарына;
халыққа қызмет көрсету орталығына;
пошта арқылы тапсырыс хатпен.
Сурақтар туындаған жағдайда 1414 Байланыс-орталығына немесе тұрғылықты жері бойынша салық органдарына жүгіну қажет
Декларацияны толтырудың алдында тиісті растайтын құжаттарды алдын ала дайындау ұсынылады:
- декларацияны ұсыну мерзімінен кешіктермей тәуелсіз бағалаушыдан құны бірлігі 1000 АЕК-тен асатын басқа да мүлікті (қалауы бойынша) бағалау;
- нотариустан осындай декларацияны жасау күніне қалыптасқан жеке тұлғалар арасындағы дебиторлық және кредиторлық берешекті куәландыру, сондай-ақ олардың орындалуын/атқарылуын куәландыру декларацияда банктік заем шарттары көрсетілуге жатпайды);
.
Анықтама үшін: нотариус куәландыруын талап етпейтін дебиторлық және кредиторлық берешек:
- жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) жеке кәсіпкер, оның ішінде резидент емес болып табылатындар арасындағы – салыстырып тексеру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде;
- заңды күшіне енген сот шешімімен расталған.


МАҢЫЗДЫ!!!
Декларацияны толтырудың алдында декларациялауға жататын мәліметтердің дұрыстығын келесі сайттарда өз бетінше тексеру қажет:
1) бағалы қағаздар бойынша https://sso.kacd.kz;
2) тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу шарттары бойынша https://homeportal.kz/ru/; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;
3) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;
4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;
5) дебиторлық/кредиторлық берешектің болуы бойынша (нотариалды куәландырылған заем шарты) ҚР Республикалық нотариаттық палатасына сұрау жіберу.

Мәліметтердің дұрыс болмауы кезінде тікелей мына мекемелерге жүгіну қажет:
бағалы қағаздар бойынша – «Орталық бағалы қағаздар депозитарий» АҚ-на;
үлестік қатысу бойынша – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне;
авторлық құқық бойынша – «Зияткерлік меншік ұлттық институты» РМК-на;
сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» 1414» КЕАҚ-на;
заем шарттары бойынша – Республикалық нотариаттық палатаға.

Декларацияны ұсыну тәсілдері:
Электрондық түрде:
Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушінің кабинеті» web-порталы арқылы (ҰСҚС ИС) https://knp.kgd.gov.kz/signin;
Ішкі саясат
20 октября 2026
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЖҰМЫСТАН ТЫС УАҚЫТТА ӨЗІН ҚАЛАЙ ҰСТАУЫ КЕРЕК?

Қазақстандағы мемлекеттік қызмет — бұл 24/7 режиміндегі мәртебе. Жұмыс күні аяқталса да, билік өкілі мемлекеттің жүзі болып қала береді, ал оның мінез-құлқы азаматтардың сеніміне тікелей әсер етеді.

Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта негізгі қандай ережелерді есте ұстауы тиіс? 👇

🔹 1. Қарапайымдылық және артықшылықтардан бас тарту
Қызметтік куәлікті көрсетіп, қызметтерді кезектен тыс алуға, жеңілдіктерге немесе артықшылықтарға қол жеткізуге тырысу — әдепті өрескел бұзу болып табылады. Мемлекеттік қызметші өзін басқалардан жоғары ұстамауы тиіс.

🔹 2. Қоғамдық мораль мен абырой
Қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, дөрекілік таныту, жанжалдарға немесе бұзақылыққа қатысу мүлдем жол берілмейтін жайт. Демалыс мен мереке күндері де «билік өкілі» мәртебесі жойылмайды, ал бұрыс мінез-құлық үшін жауапкершілік арта түседі.

🔹 3. Карым-қатынас мәдениеті мен бедел
Азаматтарға сыпайылық, әдептілік пен құрмет көрсету — міндетті талап. Сондай-ақ мемлекеттік саясатқа қайшы келетін көпшілік алдындағы мәлімдемелерден және қызметтік құпияны жария етуден (соның ішінде жеке әлеуметтік желілерде) аулақ болған жөн.

Қызметтен тыс уақытта нормаларды сақтау — бұл жеке бостандықты шектеу емес, қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі. Әдеп стандарттарын бұзу тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғады, өйткені мемлекеттік қызметте мораль демалысқа шықпайды!

#Заң_мен_тәртіп #Закон_и_порядок

Сайлау
14 октября 2026
29 қараша-сайлау күні!

2026 жылғы 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді.

Мәслихат депутаттары жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың мүдделерін білдіруге қатысады.

Сайлау азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асырудың маңызды тетігі болып табылады.
Іле ауданының әкімдігі тұрғындарды алдағы сайлау туралы хабардар етеді.

29 қараша-сайлау күні!

14 октября 2026
АҚШИ АУЫЛЫНДА ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫН ҚОРШАУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ


Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов Ақши ауылындағы қоқыс полигонының қоршау жұмыстарымен танысты.

Жобаның жалпы құны – 26 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын «Кенен бұлақ» мүгедектер қоғамдық бірлестігі мердігер ретінде жүзеге асырды. Қазіргі уақытта қоршау жұмыстары толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

Полигон аумағын қоршау – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтардың белгіленген аумақтан тыс таралуына жол бермеу және санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы маңызды шаралардың бірі.

Мұндай жұмыстар елді мекендердегі экологиялық жағдайды жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Аудан аумағында инфрақұрылымды жақсарту, санитарлық тазалықты сақтау және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.

14 октября 2026
🏗️  АҚШИ АУЫЛЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

🏗️  АҚШИ АУЫЛЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ 
🏡 Іле ауданының Ақши ауылында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық кеңістіктерді жаңарту және елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. 
⚽ Атап айтқанда, К. Қасымұлы көшесінің бойында кешенді спорттық-ойын алаңының құрылысы жүргізілуде. Жоба аясында: 
👶 Балалар алаңы
⚽ Футбол алаңы
🏐 Волейбол алаңы
🌳 Сквер мен воркаут аймағын салу көзделген. 
✨ Нысан тұрғындардың, әсіресе балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және белсенді демалысына мүмкіндік береді. 
📌 Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жобаның мердігері болып РГП «Еңбек» анықталған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
💰 Жобаның жалпы құны – 40 млн теңге.
📅 Құрылыс жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. 
🏛️ Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ескерткіші орналасқан аллеяда ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған.
💵 Аталған жобаның құны – 9,8 млн теңге.
🤝 Жұмыстарды «Киелі ақ шатыр» мүгедектігі бар тұлғалар қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Қазіргі кезде аллеяны жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. 
🌟 Аталған жобалар ауылдың қоғамдық кеңістіктерін жақсартуға, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға және елді мекеннің көркін арттыруға бағытталған. Екі нысандағы жұмыстарды да қазан айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Ішкі саясат
ТҮКШ
14 октября 2026
АҚШИ АУЫЛЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ақши ауылында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық кеңістіктерді жаңарту және елді мекеннің инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, К. Қасымұлы көшесінің бойында кешенді спорттық-ойын алаңының құрылысы жүргізілуде. Жоба аясында балалар алаңы, футбол және волейбол алаңдары, сквер мен воркаут аймағын салу көзделген. Нысан тұрғындардың, әсіресе балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және белсенді демалысына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жобаның мердігері болып РГП «Еңбек» анықталған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 40 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ескерткіші орналасқан аллеяда ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынған. Аталған жобаның құны – 9,8 млн теңге. Жұмыстарды «Киелі ақ шатыр» мүгедектігі бар тұлғалар қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Қазіргі кезде аллеяны жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Аталған жобалар ауылдың қоғамдық кеңістіктерін жақсартуға, тұрғындардың демалысына қолайлы жағдай жасауға және елді мекеннің көркін арттыруға бағытталған. Екі нысандағы жұмыстарды да қазан айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Ішкі саясат
Экономика және қаржы
Ауыл шаруашылығы
ТҮКШ
Әлеуметтік қамсыздандыру
Салық
14 октября 2026
ІЛЕ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің тұрғындармен кездесуі басталды. Алғашқы кездесу бүгін Күрті ауылдық округіне қарасты Ақши ауылында өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдау, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныстарын қарастыру және көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын талқылау.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізуге мүмкіндік алды. Тұрғындар көтерген мәселелер назарға алынып, оларды шешу жолдары жауапты сала мамандарымен бірлесіп қарастырылады.

Аудан әкімімен кездесулердің басты бағыты – халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың өтініштерін тыңдау және жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты жұмыстар жүргізу.

Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Салық
06 октября 2026
⚠️ ФЕРМАЛАР МЕН ШАРУАЛАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Егер фермерлер немесе шаруалар үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеуші ҚҚС телеуші ретінде тіркелуге міндетті болса, олар жалпы салық жүйесіне де
ауысуы керек.
Бұл жағдайда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сату ҚҚС бойынша тіркелу қажеттілігін анықтау үшін ескеріледі, ал салық төлеуші тиісті сатулар үшін ҚҚС төлеуші болады.
🔔 Егер ҚҚС қолдануға кедергі келтіретін жағдайлар туындаса, салық төлеуші 5 жұмыс күні ішінде қолданыстағы салық жүйесі туралы хабарлама ұсынуы тис.
Жана режимнің күшіне ену күні тиісті жағдайлар туындаған
күн болып табылады.
❗️ Егер салық төлеуші хабарламаны ұсынбаса, салық органы оларды Салық кодексінде белгіленген тәртіппен жалпы салық жүйесіне ауыстыруға құқылы.

Салық
03 сентября 2026
2026 жылы Қазақстандағы мүлік салығы

2026 жылы Қазақстандағы мүлік салығы.

Жыл сайын мүлкі бар (яғни салық салу объектісіне иелік ететін) Қазақстандағы жеке және заңды тұлғалар мүлік салығын төлейді.

Салық салу объектісі дегеніміз не?

Қазақстандағы мүлік салығы 2025 жылы екі салықты біріктіреді — жылжымайтын мүлік салығы және жер салығы. Бұл жағдайда салық салу объектілері болады:

* Жылжымайтын мүлік. Бұл тек баспана болмауы мүмкін. Сондай-ақ меншіктегі үй-жайларға, гараждарға, саяжай ғимараттарына, көлік тұрағына арналған орындарға салық бар.

  • Жер учаскелері. Сіз салықтың барлық түрлері үшін төлемейтіндігіңізді ескеріңіз. Ерекшелік - бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қоры, босалқы жерлер. Салық салу объектісі жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлер (саябақтар, көшелер, жолдар) орналасқан жерлер болып табылмайды.

Салық ҚР аумағында орналасқан объектілерге ғана салынады.

 

Салық қалай есептеледі?

Мүлік иесі, жеке тұлға, салық органдарынан мүлік салығының мөлшерін біле алады. Салық қызметінің мамандары соманы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде есептейді (яғни 2026 жылы 2025 жылға салық төлеу қажет болады).

 

Кімге салық төлеудің қажеті жоқ?

2026 жылы Қазақстанда жер салығы мен жылжымайтын мүлік салығы жеке тұлғалардың мынадай санаттарына қолданылмайды: Кеңес Одағының Батырлары; Социалистік Еңбек батырлары; мемлекеттік атақтар мен марапаттарға ие болған адамдар; ҰОС ардагерлері. Жетім балалар, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 18 жасқа толғанға дейін. Мүгедек баланың немесе мүгедек адамның ата-анасының бірі. "Батыр Ана" атағы бар көп балалы аналар, Жеке тұратын зейнеткерлер, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша жеке кәсіпкерлер.

 

Төлемді қашан жүргізу керек?

Салық органдарының салықты есептеуі есепті жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі. Төлем есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанына дейін жүзеге асырылады, яғни 2026 жылдың 1 қазанында 2025 жылға мүлік салығы төленеді.

Уақтылы төлемеу немесе төлемеу санкцияларға әкеледі. Жеке тұлғалар үшін бұл - төлемді кешіктіргені үшін өсімпұлды есептеу немесе тіпті шекарадан шығуға тыйым салу.

Қазақстанда мүлік салығын қалай төлеуге болады?

Жеке тұлғаларға төлемді Екінші деңгейдегі банктердің қосымшасы арқылы жүргізу ыңғайлы. Онлайн-операциялардың басқа да нұсқалары бар — мысалы, Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты арқылы немесе Egov.kz порталы, төлемдер банктердің кассалары арқылы немесе "Қазпошта"бөлімшелерінде де қабылданады.

Мүлік салығын төлеу кезінде алынған ақша жергілікті бюджеттерге түседі және мемлекетке өзінің негізгі функцияларын орындауға мүмкіндік береді: азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына жағдай жасау, елді мекендерді абаттандыру.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы