
2025 жылдың 23 сәуір күні Т.Бокин атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі А.Омарова тыл ардагері Байсакова Күлғайша апамызды Ұлы Жеңіс күнімен арнайы барып құттықтады.
Оқушылар апамызға өздерінің жүрекжарды тілектерін жеткізді. Күлғайша апа соғыс жылдарындағы ауыр еңбек, елге сіңірген еңбегі жайында әсерлі әңгіме айтып, жастарға бейбіт өмірдің қадірін білуге кеңес берді.
Кездесу барысында оқушылар ардагер апамыздың ерлігі мен өмір жолына үлкен құрметпен қарап, тағылымды тәрбие алды. Бұл шара жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ардагерлерге деген құрметті арттыра түсті.