Сенбілікке шақырамыз !!!

Сенбілікке шақырамыз !!!

Құрметті тұрғындар!

"Таза Қазақстан" акциясы аясында ауылымыздың экологиялық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында сенбілік өткізіледі. Барлығын осы игі іске белсенді қатысуға шақырамыз!

Сенбілік барысында көшелерді, аулаларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту, жасыл желектерді күту және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Табиғатты қорғау-біздің ортақ міндетіміз! Бірге өмір сүру ортасын таза және жайлы етейік.

Барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарды сенбілікке қатысуға және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз! Біздің болашағымыздың тазалығы мен жайлылығы – біздің қолымызда.

Өтетін күні: сенбі (12.04.2025 ж.)

Барлығын белсенді болуға және осы маңызды бастаманы қолдауға шақырамыз!