1 наурыз Алғыс айту күніне байланысты жергілікті ақын - сазгер Шынәділ Мұқанұлының 75 жасқа толуына орай “Ақын мерейі” атты кездесу кеші өтті

1  наурыз  Алғыс  айту күніне байланысты  жергілікті   ақын -  сазгер Шынәділ  Мұқанұлының  75  жасқа  толуына   орай  “Ақын  мерейі” атты кездесу  кеші өтті

 Алғыс  айту  күніне  орай   биыл  75  жасқа  аяқ  басқан  киелі  Ақши  мекенінде  қаламы  ұшталып,   талай  туындыны   дүниеге  әкелген   Қазақстан  Журналистер  одағының  мүшесі,  Қазақстанның  құрметті  азаматы, Іле  ауданының  азаматы  өзі  жазған  өлеңдерін  әнге  айналдырған  ақын  сазгер  Шынәділ  Мұқанұлының   шығармашылық  кешіде  тұспа- тұс  келіп  отыр. Әрине,  мамандығы  журналист  ағамыздың  шығармашылығы  ерте  басталғаны  түсінікті. Оның  үстіне жан-жақты , талантты  ағамыздың  қалам  тартпаған  жанры  да  жоқ  шығар. Дегенмен  біз  бүгінгі  кеште  ағамызға  үлкен  алғысымызды  айта  отырып,    ақындығы  мен  сазгерлігіне  куә  болсақ  деген  ойдамыз.

Әрдайым  бір-бірімізді  елеп,  ескеріп  алғыс  айтуды  ұмытпайық! Бүгінгі  кештің  иесі  ақын -сазгер  Шынәділ  Мұқанұлына  қаламыңыз  мұқалмасын,  әлі  талай  жыр  додасында  бас  бәйгені  қанжығалап,  оқырманның   алғысына  бөленіп  жүре  беріңіз. Және де биыл 75  жасқа  толған  жасыңыз  құтты  болсын, сізге  зор  денсаулық,  қажымас  қайрат,  толағай  шабыт  тілейміз.