
2025 жылдың ақпан айының 14 жұлдызында Ақши ауылдық мәдениет үйінде округ әкімі - Төлеген Омаровтың төрағалығымен және округ әкімінің орынбасары - Дулат Әбілғани, Күрті ауылдық округінің Қазақстан Халық Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасы Шынәділ Мұханов, Қоғамдық келісім төрағасы - Болат Идрисов, Ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Анипулла Есембеков, Күрті ауылдық округінің Қазақстан Халық Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы - Гүлнәр Ахметбаева, Күрті ауылдық округінің Ардагер ұстаздар кеңесінің төрайымы - Гүлжан Байжанова, Күрті ауылдық округінің Асыл-Аналар кеңесінің төрайымы - Жанар Жамбауова, және қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме басшылары және округ тұрғындарының қатысуымен Қазақстан халқының Ассамблеясының Ақсақалдар және Аналар кеңесі, Облыстық Ақсақалдар және Асыл Аналар ережесіне сәйкес 2024 жылы атқарылған жұмыстар және 2025 жылы атқарылатын жұмыстар туралы бір қатар мәселелер талқыланды.
талқыланды.
Атап айтар болсақ:
- мемлекеттік органдарға, азаматтық қоғам институттарына қазақстандық бірегейлікті нығайтуға, азаматтарды қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтары төңірегінде шоғырландыруға жәрдемдесу;
- азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы сындарлы коммуникациялар мен өзара іс-қимылды нығайту;
- қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекет пен қоғамның «кері байланыс» тетіктерін ұйымдастыру;
- жастар арасында патриотизм идеяларын ілгерілету және патриоттық тәрбие беру;
- мемлекеттік органдарға әлеуметтік және тұрмыстық жанжалдарды профилактикалауға, оларды шешуге, сондай-ақ оларды жанжалдан кейінгі реттеуге жәрдемдесу
- этномедиацияны жүзеге асыруға, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері жөніндегі диалогты ұйымдастыруға жәрдемдесу және тікелей қатысу;
- жастар арасында тәлімгерлік практикасын енгізу және жетілдіру, қоғамды шоғырландыру ісінде жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау;
- халық арасында қоғамдық келісімді қамтамасыз ету мәселелерінде білім мен тәжірибені беру.
- этносаралық келісімді, толерантты қарым-қатынасты насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту жане сақтау;
- ата-аналардың дені сау, рухани-адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға жәрдемдесу;
- жалғызбасты және көпбалалы аналарға әлеуметтік мәселелерді шешуде консультациялық көмек көрсету,
- жастар арасындағы қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алу, оларды мейірімділікке, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу;
- Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам институттарының және басқа да ұйымдардың отбасы мен ананың оң бейнесін қалыптастыруға бағытталған қоғамдық бастамаларын, әлеуметтік жобаларын қолдау және дамыту;
- отбасы құндылықтарын және қоғамдағы отбасының оң имиджін насихаттауға, сондай-ақ осы бағыттағы іс-шараларды іске асыруға қатысу; отбасылық жарасымдылық пен ата-аналардың жетістігін тарату;
- Кеңестің негізі міндеттері мен функцияларын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен жөне азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау.