
«AMANAT» партиясы аймақтық даму бағдарламасының Іле ауданында жүзеге асырылуы
Бүгін «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалының депутаттық фракциясының жиналысы өтті.
Күн тәртібінде 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» бағдарламасының орындалу барысы мен жол картасының жүзеге асырылу мәселелері қарастырылды.
Іле ауданы бойынша инфрақұрылымның дамуы, жолдарды жөндеу, білім беру сапасын арттыру, және жер қатынастарына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында кездесетін түйткілдер мен оларды шешу жолдары нақты ұсыныстармен ортаға салынды.
✒️ Халықпен бірге әрбір саладағы маңызды мәселелерді шешуге бағытталған жұмыстар жалғасын табатын болады.