«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»

«Алматы облысы, «Іле ауданының Күрті ауылдық округ әкімі аппараты» ММ,  ауыл тұрғындары мен жергілікті атқарушы орган арасында ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, ЖАО мен тұрғындар арасындағы кері байланысты жандандыру мақсатында ағымдағы жылдың 21 қазан күні ауыл тұрғындары мен ауыл зейнеткерлеріне және мүмкіндігі шектеулі жандарға ашық есік күні өткізілді.

Азаматтарға өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын пайдалана отырып, ақпараттық жүйелермен алынатын электронды қызметтерді қалай алу керек екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.