
Жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі
2024 жылдың 1- қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі басталды, бұл кезеңде “Активтер мен міндеттемелер туралы” (250.00-нысаны) Декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер жұбайларымен ұсынуға міндетті.