«Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз»

«Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз»

✅ТӘРБИЕНІҢ РУХАНИ ТІРЕГІ

2024 жылдың 2 Мамыр күні Ақши ауылы 13-өрт сөндіру бекетінде, округ әкімдігінің жұмыс жоспарына сәйкес діни экстремизмге қарсылық көрсету мақсатында 13-өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен және әкімдік жастары, округ әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі нұсқаушы Темірғали Серік Темірханұлының қатысуымен «Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз» атты кездесу өтті.📍Кездесуді жастар ісі жөніндегі нұсқаушы Темірғали Серік Темірханұлы ашып, діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері, дәстүрлі емес діни ағымдар туралы жалпылама түсінік берді. Әрбір адам діни экстремизм мен терроризмнен хақ дінімізді дұрыс ажырата білгендері абзал, ол үшін діни тұрғыдан сауаттарын ашқандары дұрыс. Сол кезде ғана адасушылықтан бойымызды аулақ ұстап, ислам дінінің хақ екендігіне көзімізді анық жеткізетін боламыз, – деп экстремизмнің қауіп-қатері мен зардабы туралы, діни ағымдардан сақтану, оның алдын алу бойынша көптеген жұмыстар атқарылу керектігін айтты.