
Таза Қазақстан акциясының аясында өнегелі ұрпақ апталығында округіміздің ардагерлерінің аулаларына тазалық жұмыстарын жасауға № 8 орта мектебі оқушылары, ауыл жастары мен еріктілер бірлесе жұмыс жасады. Ардагерлердің аулаларының шөптерін орып, ағаштарын әктеп, шыққан қоқысты арнайы ұйымдастырылған техникалармен ауыл сыртындағы уақытша қоқыс жинау орнына жеткізілді. Аталған іс - шара өз жалғасын табады.