
2020 жылдан бастап электрондық салық әмиянының функцияларын орындайтын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы енгізілді. «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын App Store және Google Play қосымшаларының дүкендерінен тегін жүктеуге, ал оған ЭЦҚ, sms-пароль арқылы (егер Сіз Мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз), сондай-ақ ЖСН және пароль арқылы авторландыра аласыз.
Қосмышаның артықшылықтары мен мүмкіншіліктері:
Сонымен қатар, электрондық салық әмиянында «қызметкерлердің еңбек ақысы» сервисі, есептелген ЖТС, зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру сомалары туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады.
Пайдаланушылар үшін бағдарламалардың интерфейсі қазақ, орыс және ағылшын тілінде қолдану мүмкіншіліктері бар.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарына арналған «e-Salyq Azamat» ақысыз мобильді қосымшасын іске қосты.
Бұл мобильді қосымшада жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған келісі қызметтері бар:
«e-Salyq Azamat» қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады.
Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «1414» нөмеріне хабарласу арқылы алуға болады.