
Таза Қазақстан акциясының аясында 29 сәуір күні өнегелі ұрпақ апталығында округіміздің жалғыз басты ардагері Каптлеков Қайырғали атамыздың ауласына ауыл жастары, кітапхана, мәдениет үйінің қызметкерлері мен еріктілер бірлесе жұмыс жасады. Ардагерлердің аулаларын өскен шөптерін орып, ағаштарын әктеп, шыққан қоқысты арнайы ұйымдастырылған техникалармен ауыл сыртындағы уақытша қоқыс жинау орнына жеткізілді. Аталған іс - шара өз жалғасын табады.