
Таза Қазақстан акциясының аясында өнегелі ұрпақ апталығында округіміздің ардагерлерінің аулаларына тазалық жұмыстарын жасауға №41 Т. Бокин атындағы орта мектебі оқушылары, ауыл жастары мен еріктілер бірлесе жұмыс жасады. Ардагерлердің аулаларының шөптерін орып, ағаштарын әктеп, шыққан қоқысты арнайы ұйымдастырылған техникалармен ауыл сыртындағы уақытша қоқыс жинау орнына жеткізілді. Аталған іс - шара өз жалғасын табады.