Қазақстан Республикасын террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазіргі таңда, Іле ауданы әкімдігі тарапынан, «Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысының (әрі қарай - Қаулы) қағидаларын негізге ала отырып, аудан аумағында орналасқан объектілердің қаулыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келуіне байланысты, санаттарына қарай, тиісті «Алматы облысы террористік тұрғыдан осал объектілер» тізбесіне (әрі қарай-тізбе) енгізуін жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 04 сәуір күні жоғарыда аталған қаулының өлшем-шарттарына сәйкес келетін және тізбеге енгізілген мекемелер мен ұйымдардың басшыралымен, Алматы облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілінің қатысуымен Іле ауданы әкімдігінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстары келесі тақырыптарда жүргізілді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысын басшылыққа ала отырып, объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілердің сыныптамаларына сәйкес, объектілерді барлық талаптар бойынша сәйкестендіру бойынша;
2. Телевизиялық күзет объектісінің жүйесіне кіретін бейнебақылау жүйелеріне қойылатын техникалық талаптары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 69 бұйрығымен бекітілген бейнемониторингтің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында көзделген бейнебақылау жүйелерінің техникалық мүмкіндіктеріне сай келтіру;
3. «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығын негізге ала отырып, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын әзірлеу бойынша.
4. Террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік ұйымдар «Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және олаға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №959 бұйрығында көрсетілген «Күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету» қызметінің кіші түрі бойынша лицензиясы бар жеке күзет ұйымдарымен іскерлік қарым қатынас жүргізу бойынша.
Жоғарыда көрсетілген заңнамаларға сәйкес, Террористiк тұрғыдан осал объекті меншік иесінің, иеленушісінің, басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғасының не террористiк тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектісінің объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерді орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы, жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексінің 149 бабына сәкес айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы қатысушыларға жеткізілді.