ІІМ ЕСКЕРТЕДІ !

ІІМ ЕСКЕРТЕДІ !

Құрметті Күрті ауылдық округінің тұрғындары!
Интернеттегі алаяқтықтың құрбаны болмау үшін:
- жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса, өз дербес деректеріңізді бейтаныс адамдарға айтпаңыз немесе жібермеңіз,
- әлеуметтік желілерде төлем карталарының деректемелерін бермеңіз және жарияламаңыз,
- электрондық әмияндар мен ұялы телефон шоттарына ақша аудармаңыз,
- әлеуметтік желілердегі күмәнді мәмілелерден бас тартыңыз,
- тауарды сатып алу кезінде алдын ала төлеуге келіспеңіз,
- күмәнді Мобильді қосымшаларды жүктеуден үзілді-кесілді бас тартыңыз,
-ешкімге банк карталарының нөмірлерін, ПИН-кодтарды, сондай-ақ ұялы телефонға түскен парольдерді бермеңіз.
Есіңізде болсын, банк қызметкерлері сізге қоңырау шалып, сіздің банктік шоттарыңызда болып жатқан операциялар туралы есеп бермейді.
Егер сіз немесе Сіздің жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болса, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз