Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы қысқаша баяндама.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету ;
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;
- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
«Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, пошталық мекенжайы: 040701, Ақши ауылы, Д.Қонаев көшесі, 29, Іле ауданы, Алматы облысы.
2024 жылдың 9 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
"Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты 2024 жылдың 9 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер түрі:
2024 жылдың 9 айында көрсетілген қызметтердің жалпы саны - 31.
көрсетілген мемлекеттік қызметтер тегін, ақылы негізде-жоқ.
2024 жылдың 9 айында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
«Сервистік әкімшілік» жобасын іске асыру мақсатында аппарат ғимаратында электрондық үкімет веб-порталына шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы дайындалып орнатылған және жұмыс істейді. Халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен регламенттер бар стендтер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш үлгілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, бейнебақылау камерасы, күтуге арналған ыңғайлы орындықтар, суға арналған диспенсермен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша үнемі іс-шаралар өткізіледі. «Іле таңы» газетіне - 1 мақала жарияланды, 2 мақала әлеуметтік желілерде жарияланды, сондай-ақ электрондық қызметтерді насихаттау бойынша екі тілде 1 баннер әзірленіп, ілініп тұр.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
2024 жылдың 9 айында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.