Төртінші бюджет деңгейі.

Төртінші бюджет деңгейі.

2018 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда 4-ші бюджет деңгейі заңнамалық түрде енгізілді - бұл 2000-нан астам тұрғыны бар аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деңгейінде. Бұрын бюджеттің 3 деңгейі – республикалық, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) болған.

Дербес бюджетті қалыптастыру әкімдердің жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешу мүмкіндіктерін кеңейтуге және өз ауылын немесе қаласын дамытуға бағытталған шешімдерді қабылдау процесіне азаматтардың қатысуына мүмкіндік береді.

Бюджеттің жаңа деңгейі келесі түрдегі салықтық және салықтық емес төлемдерден түсетін түсімдер есебінен толықтырылады:

- төлем көзінен салық салынбайтын табыстан жеке табыс салығы;

- жеке тұлғалардың мүлік салығы;

- жеке және заңды тұлғалардың көлік салығы;

- елді мекендердегі жерлерге жеке және заңды тұлғалардан алынатын жер салығы;

- аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң аумақтары арқылы өтетін автомобиль жолдарының бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн алымдар;

- мемлекеттік мүлікті және коммуналдық мүлікті жалға беруден;

- жеке және заңды тұлғалардың ерікті жинақтары;

- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін өндіріп алынған айыппұлдар;

- коммуналдық мүлікті сатудан түсетін кірістер, сондай-ақ аудандық бюджеттен берілетін трансферттер.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі No 533 бұйрығымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген және «Әділет» газетінде жарияланған жоғарыда аталған салық есептілігінің нысандары мен оларды жасау қағидалары бекітілді. ақпараттық-құқықтық жүйе.

 

Төртінші бюджет деңгейі.
Дата публикации
11 апреля 2024