«Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебі
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету ;
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;
- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер:
«Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, пошталық мекенжайы: 040701, Ақши ауылы, Д.Қонаев көшесі, 29, Іле ауданы, Алматы облысы.
2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
"Мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес, Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты 2023 жылы 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 7;
2) елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру – 0;
3) жер учаскесін алу үшін кезекке қою бойынша көрсетілетін мемлекетік қызметі 2022 жылдан бастап электрондық портал арқылы жүргізіледі;
4) жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту - 2.
5) "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу"- 13;
2023 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны -22.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болған жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
«Сервистік әкімшілік» жобасын іске асыру мақсатында аппарат ғимаратында электрондық үкімет веб-порталына шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы дайындалып орнатылған және жұмыс істейді. Халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен регламенттер бар стендтер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш үлгілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, бейнебақылау камерасы, күтуге арналған ыңғайлы орындықтар, суға арналған диспенсермен қамтамасыз етілген.
2023 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 1142 қызмет көрсетілді.
Ерекше қажеттіліктері бар жандардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға округ әкімі аппаратында қажетті жағдайлар жасалған.
Атап айтқанда, мүгедектерге арналған тұрақ, шақыру түймесі, кезексіз қызмет көрсетілетін адамдардың санаты көрсетілген тақтайшалар, көру қабілеті нашар келушілерге арналған жұмыс кестесі бар тақтайшалар (Брайль қарпі) бар.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша үнемі іс-шаралар өткізіледі. Әлеуметтік желіде «QYZMET LIVE» жобасы аясында 2 «Тікелей эфир» өткізілді, «Іле таңы» газетіне - 1 мақала жарияланды, 1 мақала әлеуметтік желілерде жарияланды, 1 жәрмеңке, сондай-ақ электрондық қызметтерді насихаттау бойынша екі тілде 1 баннер әзірленіп, ілінді.