«Іле ауданының Күрті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бюджетінің атқарылуы туралы 2023 жылдың жылдық есебіне
түсіндірме жазба
Күрті ауылдық округі әкімінің апаратында штаттық кесте бойынша бүгінгі күнге 8 штат бірлігі және әкімшіліктің штаттан тыс қызмет көрсету тобында 4,5 штат бірлігі қаржыландырылып отыр.
Қаржыландыру жоспары бойынша 2023 жылдың 12 айындағы нақты қаражаты 167 681, 0 мың теңгені құрайды.
2023 жылдың 12 айындағы есебі бойынша кассалық шығыстар 167 445,2 мың теңге (99%) игерілді.
2023 жылдың 12 айындағы есебі бойынша кассалық шығыстар бойынша жұмсалған қаражаттар:
124 001 015 бағдарламасы бойынша – 56 745 мың теңге:
111- ерекшелікте мемлекеттік қызметкерлердің жалақысына, 10% ЖЗҚ-на, табыс салығына, кәсіподақ жарнасына, партиялық жарнасына 19 112,2 мың теңге жұмсалды.
112- ерекшелікте үнемделген қаржыдан мемлекеттік қызметкерлерге сыйақыға 11 489,7 мың теңге жұмсалды.
113- ерекшелікте мемлекеттік қызметкерлердің емделу ақысына 4 600,7 мың теңге жұмсалды.
121- ерекшелікте әлеуметтік салық пен еңбекке жарамсыз күндеріне 1 488,8 мың теңге жұмсалды.
122- ерекшелікте әлеуметтік аударымға 771,6 мың теңге жұмсалды.
123- ерекшілік бойынша «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру үшін 23,4 мың теңге жұмсалды.
124- ерекшелікте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар 802,7 мың теңге жұмсалды.
131- ерекшелікте қызмет көрсету тобының жалақысына, 10% ЖЗҚ-на, табыс салығына 8 293 мың теңге жұмсалды.
135- ерекшелікте қызмет көрсету тобының әлеуметтік аударымдарына, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар, әлеуметтік салық пен еңбекке жарамсыз күндеріне 918 мың теңге жұмсалды.
144 - ерекшелікте "ROYAL PETROL" ЖШС келісім шарт бойынша бензин АЙ-92 маркасы (талонмен) 2750 литр 540,7 мың теңге, "ROYAL PETROL" ЖШС келісім шарт бойынша дизельді жанармай (талонмен) 5000 литр 1 475 мың теңге алынды. Барлығы 2 015,7 мың теңге жұмсалды.
149 - ерекшелікте "Кулбосинов" ЖК нен кеңсе жабдығына арналған жалпы дәптер, А5, 48 Парақ, тор, 12,3 мың тг., , "Мурсалимов" ЖК кеңсе тауарлары (қайшы, жабысқақ лента сәулесі, тескіш) 15,6 мың тг., "Марал" ЖК Кеңсе қағазы (А4 формат) 135 мың тг., "ARYS PROF" ЖК кеңсе қаламын 7,2 мың тг., "Береке" ЖК кеңсе тауары (қарапайым қарындаш) 4,6 мың тг., Айсултан ЖК кеңсе тауарлары (Қосымша Файл) 8,4 мың тг., Альтаир ЖК кеңсе тауары (Скотч) 4 мың тг., Махаббат ЖК кеңсе тауары (Штрих-түзеткіш) 2,2 мың тг., Темірбек ЖК шаруашылық тауары (еден жууға арналған ұнтақ) 9,9 мың тг., Мурсалимов ЖК Кеңсе тауары (Файл қалтасы (20 парақ, А4 форматы)) 4 мың тг., "БАКЫТ" ЖК кұрылыс қоқыс дорбасы 259 мың тг., Малова ЖК ЭЦҚ үшін KAZTOKEN (қорғалған тасымалдаушы) 25,9 мың тг., MARKET+ ЖК кесіндісі бар шанышқы күрек (штыковая) 112 мың тг., "ИдеалСнаб ПВ" ЖШС сыпырғыш 22,5 мың тг., БАЗЫЛХАНОВ ЖК мәтін бөлгіш маркерлер жиынтығын 9,9 мың тг., Уәлихан ЖК кесіндісі бар күрек (совковая) 93 мың тг., Машрапова ЖК жазбаларға арналған стикерлер 8,4 мың тг., Дана ЖК тырма 37,5 мың тг., сатып алынды. Барлығы 771,3 мың теңге жұмсалды.
151- ерекшелікте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 2 қарашадағы №1118 қаулысына сәйкес «АлматыЭнергосбыт» ЖШС-нен келісім шарт бойынша 800 мың теңге электр жарығына жұмсалды.
152- ерекшелікте "Қызмет телефондары мен мемлекеттiк органдар аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217 қаулысына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ-мен келсім шарт бойынша байланыс кызметіне 450 мың теңге және интернет желісінің қызметтерін пайдалануға 176,4 мың теңге жұмсалды. Барлығы 626,4 теңге жұмсалды.
159- ерекшелікте Emir ЖК компьютерлерге техникалық қызметке 492,5 мың теңге, АҚ "Информационно-учетный центр" ақпараттық өңдеу бойынша қызметтеріне 58,6 мың тг., "EXPERT Business Consulting KZ" ЖШС Автокөлік құралдарын бағалау бойынша қызеттеріне 25 мың теңге, "АзияShymСервис" Бағдарламалық өнімдерді техникалық қолдау және сүйемелдеу бойынша қызметтер "Қазақстан мемлекеттік мекемелер үшін Бухгалтерлік есеп" конфигурациясын толықтыру. Кеңейтілген бухгалтерлік есеп бойынша қызметтерге 262 мың тг., "АзияShymСервис" Мекмедегі конфигурацияны техникалық сүйемелдеу және қолдау қызметтері: бюджеттік жоспарлау және қаржыландыру. бойынша қызметтерге 200 мың тг., " Enter comp" ЖК мен Картридждерді толтыру бойынша қызметтеріне 350 мың тг., "Центр "Зерде" ЖК Мемлекеттік сатып алу тақырыбында қызметкерді оқыту қызметі 55 мың тг., «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жер учаскесінің шекарасын белгілеу және жерге орналастыру жобасын жасау 7 796,9 мың тг., «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бірдейлендіру құжатын дайындау бойынша қызметтер 313,7 мың тг., Барлығы осы қызметтерге 9 553,7 мың теңге жұмсалды.
161 - ерекшелікте "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi №1428 қаулысына сәйкес, Алматы облысының Талдықорған, Қонаев қалаларында біліктілікті арттыру семинар-тренинге қатысқаны үшін және 983, 6 мың тг іс-сапар шығындарына жұмсалды.
1) 006- Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау бағдарламасы бойынша 892, 0 теңге:
159 - ерекшелікте округтегі полиграфиялық өнімдерді әзірлеу/басу бойынша полиграфиялық қызметтер бойынша «
ТОО "ASHBI" ЖШС мен мәдени-демалыс жұмыстарын жүргізу үшін баннерлер мен стендтер дайындауға 892, 0 теңгеге қызметтер көрсетілді.
2) 008- Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша – 14 440 мың теңге:
151 - ерекшелікте округтегі елді-мекендердің көшелерін жарықтандыру қызметі бойынша «АлматыЭнергосбыт» ЖШС-гі келісім шарт негізінде 5 500 теңге жұмсалды.
159 - ерекшелікте "KazRos Ltd-kz" ЖШС мен көше жарығына техникалық қызмет көрсетуге 995 мың тг., "KazRos Ltd-kz" ЖШС мен көше жарығына техникалық қызмет көрсетуге 945 мың тг., Қ. Қасымұлы көшесіне 33 дана шам орнатуға 2 995 мың тг., қосымша келісім шартпен 1 695 мың тг., жалпы 4 690 мың тг., Таляу ЖК Ы.Алтынсарин көшесіне шам орнатуға 1 888,8 мың тг., қосымша келісім шартпен 421,2 мың тг., жалпы 2 310 мың тг., жұмсалды.
3) 009- Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша – 2 589,3 тг:
159 – ерекшелікте елді мекендердегі санитариялық тазалықты қамтамасыз ету қызметі бойынша "НҰҒМАШ К.Е." ЖК келісім шарт негізінде 2 589,3 теңге жұмсалды.
4) 010- Жерлеу орындарын ұстау және туыстары жоқ адамдарды жерлеу бағдарламасы бойынша – 26 619,8 тг:
159 - ерекшелікте "ECO STROY NS" ЖШС Мұсылман зираттарын қоршау жұмыстарына 4 020,8 мың тг., "Omar Stroy" ЖШС Мұсылман зираттарын қоршау жұмыстарын жалғасына 22 599 мың тг., жұмсалды.
5) 011- Елді мекендердегі абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бағдарламасы бойынша – 54 839,8 тг:
159 – ерекшелікте Nartai Industries Ақши ауылындағы ағаштарды кесу (кесу, әктеу, суару, тротуарларды тазалау) 1 293 мың тг., "АКЖОЛ смарт сервис" ЖШС мен жолдарды қысқы күтіп ұстауға 1 340 мың тг., "Emir" ЖК мен округ бойынша 36 дана бейне камераны орнатуға 11 935 мың тг., "ЕР-НУР СТРОЙ и К" ЖШС Мұратбаев көшесінің кешенді алаңын орнату (шағын футбол алаңы, воркаут) жұмыстарына 20 974 мың тг., "ЕР-НУР СТРОЙ и К" ЖШС мен Ақши ауылында отырғызылған орман ағаштарын қоршау жұмыстарына 19 299 мың тг. жұмсалды.
6) 022- Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары бағдарламасы бойынша – 1 378 мың тг:
414 ерекшелікте "IT-comp" ЖШС нен 2 дана компьютер жинағын 794,9 мың тг., әр түрлі жеке кәсіпкерлермен өрт сөндіруге қарсы құралдарды 583,2 мың тг. жұмсалды.
7) 040- «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру бағдарламасы бойынша – 2 млн теңге:
159 – ерекшелік бойынша ""Sarta-86"" ЖШС мен Ақши ауылындағы Б. Ақұлы көшесіндегі балалар ойын алаңына, балалар ойын конструкцияларын орнату жұмыстарына 3 808 млн тг жұмсалды.
Округ әкімі Т. Омаров
Бас маман Ж.Кунипияева